dc.description.abstract |
Бұл мақалада құрамында нитрофенилтобы бар 1,2-аминоспирттердің
негізінде дитиокарбамин қышқылы тұздарының және осы тұздардың әртүрлі
органилгалогенидтермен әрекеттесуі, реакция механизмдері, қазіргі заманауи физикахимиялық әдістермен олардың құрылысы зерттелді.
Сонымен, нитрофенилтобы бар 1,2-аминоспирттер: (1-[(n-нитрофенил)-2-амино]-1,3-
пропандиол және 2-(2-нитробензил)-1-фенил-2-аминоэтанол күкірт көміртегімен
реакциясында калий гидроксиді немесе үшэтиламиннің қатысуымен жүргізіліп,
дитиокарбамин қышқылдарының тұздарын түзеді, олар кейіннен әртүрлі
алкилгалогенидтермен алкилденіп, бензой қышқылы хлоридтерімен ацилденеді.
Нәтижесінде түзілген қосылыстардың құрылысы ИҚ- және ПМР-спектроскопия
әдістерімен дәлелденді.
Реакция барысында құрамында нитрофенилтобы бар 1,2-аминоспирттердің ацилдену
реакцияларында әртүрлі реакциялық қабілетті көрсететіні анықталды. Бұл 1-[(nнитрофенил)-2-амин]-1,3-пропандиолдың дитиокарбамин тұзының бензой
қышқылының хлорангидридімен реакциясында анықталды. Синтез нәтижесінде
күтілетін өнімді алуға мүмкін болмады. Нәтижесінде түзілген қосылыстың құрылысы
кванттық химиялық талдау және рентгенқұрылымдық анализдің көмегімен дәлелденді. |
ru |