dc.description.abstract |
Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы жаһандық
ауқымдағы, соның ішінде әлемдік шаруашылықтың дәстүрлі орталықтарының арасындағы бәсекелестіктің дамуымен сипатталады. Әлемдік аренада Азияның алдыңғы позицияға шығуына байланысты «Жібек жолы экономикалық белдеуін» (ЖЖЭБ) қалыптастыру және дамыту бүгінде өте
өзекті болып отыр. Сонымен қатар әлемдік экономикада аймақтық өзара ықпалдастық үдерістерінің
күшеюі байқалады.
Осы тұрғыда Қытайдың аталмыш бағдарламасына аралық аудит жасау бұл бастаманың ұсынылуының нақты себептері мен мақсаттарын, 2013 жылдан бері әлемде және аймақта жасалған
қадамдарды түсінуге негіз береді.
Берілген мақалада авторлар аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі ынтымақтастықтың
қазіргі жағдайы мен даму келешегіне, Қазақстанның аталған деңгейлердегі ұстанған позицияларына, ЖЖЭБ-не қатысты ұлттық мүдделерді жүзеге асыруға, сондай-ақ «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» мәніне қатысты мәселелерге талдау жасаған. Берілген жұмыста Қазақстан мен Қытайдың экспорттық әлеуетінің бәсекеқабілеттілігіне бағалау және талдау жасалған, елдер арасындағы сауда қатынастарының дамуы зерттелген. |
ru |