dc.description.abstract |
Бұл мақалада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың Германиялық тәжірибе
қарастырылған. Қазіргі жағдайда Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық процестерді стратегиялық, индикативтік және бюджеттік жоспарлау үндестігін дамыту
өзекті мәселе болып табылады. Мемлекеттік сатып алудың тағайындалуы орталық және жергілікті
басқару органдары мен мекемелер, мемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар
және қызметтерге деген қажеттілігін қанағаттандыру және оларға берілген қызметтерді орындау
болып табылады. Осы аталған мәселелер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың тиімді әдістерін және механизмдерін қажет етеді.
Қазақстандық сатып алу жүйесін ұйымдастыруда Германияның тәжірибесі қызықтырмай
қоймайды.
Германияның нарықтық экономика түріндегі бәсекелестік ортадаға бағытталған әлеуметтік орталық бөлімдері негізінен жеке сектор орын алатын барлық нарық қатысушыларының еркін экономикалық қызметін білдіреді. Мемлекет экономикалық саясаттың басымдылығын және
құқықтық шектерін анықтайды, ал экономика субъектілері өз қалаулары бойынша іс-әрекет жасайды. Қазақстандық сатып алу жүйесін ұйымдастыруда Германия тәжірибесінің артықтылықтары
мен кемшіліктерін салыстыра отырып, Қазақстанда қолдану мүмкіншіліктері қарастырылған. |
ru |