dc.description.abstract |
Мақалада Қазақстан өңірлерінің экономикасын дамытуда кластерлеу жүйесінің
әлеуетін анықтау және бағалау мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты болып өңірлік экономикалардың дамуын қамтамасыз ету үшін кластерлеу жүйесін енгізудің экономикалық тиімділік
көрсеткіштерін бағалау және оны пайдалану тиімділігін негіздеу болып табылады.
Зерттеу барысы жүйелік, экономикалық-статистикалық және есептік-конструктивтік әдістерге, сондай-ақ зерттеудің, қорытудың және талдаудың теориялық әдістеріне сүйенеді. Зерттеудің негізі болып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері, экономиканы кластерлеу мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми
еңбектері табылады.
Зерттеу нәтижелері Қазақстан өңірлерінің экономикасын кластерлеу жүйесін енгізудің маңыздылығы туралы тұжырымдамаларды дәлелдеуге мүмкіндік беретін экономикалық тиімділік көрсеткіштерін бағалаудан көрінеді.
Авторлар зерттеу нәтижелері өңірлік отандық экономикаларды кластерлендіру мәселелерін
қарастыру кезінде ғылыми қызметте пайдаланылуы мүмкін деп санайды. |
ru |