Аннотации:
Есептеу технологиясының қарқынды дамуы мен адам өміріне кеңінен
енуі оны қолдануда байланысты бірқатар нақты мәселелер туғызды. Бұл проблемалардың
бірі - жалпы ақпарат ағынында қажетсіз электронды хат-хабарлар санының көбеюі.
Осылайша, Касперский зертханасының мәліметтері бойынша [1], 2020 жылы пошталық
трафиктегі спамның үлесі 50,37% құрады және 184 435 643 зиянды қосымшалар анықталды.
Сонымен қатар, поштаның антивирустық программасы Trojan.Win32.Agentb зиянды
программалар отбасын өте көп мөлшерде тапты. Бұл деген жарнамалық пошта байланысы
қызметкерлердің өнімділігінің төмендеуі және алынатын немесе өңделетін ақпарат көлемінің
ұлғаюымен байланысты қосымша шығындарды ғана емес, сонымен қатар, ақпараттық
қауіпсіздіктің төмендеуіне алып келді.