Аннотации:
Магниттік сұйықтықтарды синтездеу әдістері саласындағы зерттеулердің
қазіргі жағдайына шолу жасалды. Негізгі назар инертті қабықтағы магниттік нанобөлшектерді
қолданатын әдістерді талдауға аударылады. Мақалада магниттік нанобөлшектердің химиялық
синтезінің соңғы жетістіктері қарастырылған. Магниттік материалдардың химиялық алынған
нанобөлшектерінің құрылымын, пішінін, мөлшерін және монодисперстігін тұрақтандыру,
бақылау мәселелері талқыланды. Магниттік нанобөлшектердің кейбір құрылымдық
ерекшеліктері мен физикалық қасиеттері талданады, сонымен қатар бионанотехнологияда,
медицинада және диагностикада олардың қолданылу салалары нақты мысалдармен көрсетілген.