Аннотации:
Сандық жүйе - ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың барлық аумағына оның
ішінде жаһандық деңгейде денсаулық сақтау саласына ауқымды өзгеріс акеліп, медициналық
көмектің сапасын, оның қолжетімділігін және экономикалық тиімділігінің артуына септігін
тигізіп, өркендеуімізге жол ашты. Қазіргі заманғы әлем қарқынды өзгерістерге ұшырап
жатқаны белгілі. Халық денсаулығын жақсартып, емделушінің уакытын тиімді пайдалану
жолында әлем елдері дамудың тетегін цифрландырудан тауып, тиімді қолдана бастады. Оған
АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа сынды мемлекеттердің жолы үлгі. Мақалада әлем елдеріндегі
денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру жағдайына шолу жасалынады. Медициналық қызметтер сапасын арттыру шарттарының бірі электронды денсаулық сақтау жүйесін енгізу болып табылады. Қазақстан аумағында сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінде сандық денсаулық сақтауды дамытудың бағдарламалары іске асырылуда және бұл өз кезегінде жақсы нәтиже көрсетуде.