dc.description.abstract |
Кез-келген мәдени-демалыс мекемесінің, мәдениет үйінің, театрдың, клубтың іскерлік беделі, оның қалыптасуы мен табысты қызметі негізінен PR немесе қоғаммен байланыс саласымен тікелей қатысты. Бұл қоғамдық пікірмен өзара әрекеттесуге және санасуға мүмкіндік береді. Батыста кеңінен қолданылатын пиар-технологиялар экономиканың ең инертті және бірінші кезекте білім беру және мәдени-демалыс мекемелерін дамытуға қуатты серпін берді. Тәуелсіздік алғаннан бері сатылап дамып келе жатқан Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнер мекемелері үшін де қуатты қолдау қажет. Түрлі жаһандық және экономикалық проблемаларға қарамастан, мәдениетке орасаң зор көңіл бөлу процесін байқау қиын емес. Бқл орайда пиардың алатын орны ерекше екенін ескерсек, көтеріліп отырған тақырыптың маңыздылығын анық көруге болады. Көңіл көтеру немесе бос уақытты өткізу мақсатындағы сауық-сайран мекемелерінің көптігін негізге ала отырып, нақ мәдени орындардың имиджін, абыройы мен беделін құру, функциялары мен мақсаттарын бекіту оңай жұмыс екені анықталады.Мәдени орындарды дамытуда пиарды қолдана отырып, табысты емес, қоғамның талап-тілегін қанағаттандыруды басты назарда ұстау қажет.
Жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі ақпарат көздері ретінде ресми ағылшын және орыс тілдердегі сайттар мен әдебиеттер қолданылады. |
ru |