DSpace Repository

Мақал-мәтелдердің студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзіреттіліктерін қалыптастырудағы орны

Show simple item record

dc.contributor.author Сағынтаева, Ж.Қ.
dc.contributor.author Галиева, Б.Х.
dc.contributor.author Жумакельдина, Б.Қ.
dc.date.accessioned 2023-11-14T10:11:26Z
dc.date.available 2023-11-14T10:11:26Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-6895
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/9335
dc.description.abstract Тілдерді қарым-қатынас құралы ретінде, сондай-ақ өзге ұлт өкілдерінің мәдениетаралық құзіреттіліктерін қалыптастыру түрінде меңгерту – қазіргі оқытудағы басты мақсаттардың бірі. Мақалада студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзіреттіліктерін қалыптастыру мүмкіншіліктері қарастырылады. Қай тілді болмасын өзге ұлт өкіліне үйретуде нәтижеге жету үшін үйренушінің сол ұлт аясында ұғымы, түсінігі болу керек. Ол халықтың тұрмыс- жайын, болмыс-бітімін, әдет-ырымын, әдебін, тарихын тануы тиіс. Сонда қызығушылық пайда болады. Одан әрі білгісі келеді. Сұрақ туындайды. Осыдан сабақ үрдісі өрбиді. Сол себепті тілдерді оқытуда жаттығу-тапсырмалар жүйесі танымдық тұрғыда құрылуы қажет. Осы орайда студенттердің мәдениетаралық қарымқатынас құзіреттіліктерін қалыптастыруда мақал-мәтелді пайдаланудың орны ерекше. Бұл – ертеден сабақ үрдісінде пайдаланып келе жатқан әдіс. Дегенмен қазіргі заман талабы мүлде басқа, жаһандық қарым-қатынас кеңістігі қаулап өсіп, дамып тұрған кезең, өсіп келе жатқан болашақ та осы заманға икемді. ендеше білім беру үрдісі де солай қарай ұйымдастырылуы қажеттілік. Бұған дейін тілдік құзіреттілік тереңнен қарастырылса, қазіргі күні қарым-қатынас және танымдық құзіреттілікті қалыптастырып, дамытудың сұранысы жоғары. Мақал-мәтел – қай халықтың да мінез-бітімін, тыныс-тіршілігін, болмысын танытатын, терең мазмұнды жанр. Оның тақырып аясы кең. Кез келген халықтың даналығы, рухы мақал-мәтелінен көрініс табады. Ол қысқа да нұсқа, бірақ терең мәнді. Сондықтан дәріс уақытында көзделген нысанға сай тақырыптағы мақал-мәтелдерді саралап қолданып, шебер ұйымдастырылса, нәтижелі болмақ. Зерттеуде мақал-мәтелді білім алушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас құзіреттіліктерін арттыру жолында жұмыс жүргізудің ыңғайлы жолдары ашылып, ғылыми дәлелденеді және жетістікке жеткізетін кейбір тәсілдері ұсынылады. Қорытындысында әдістемелік-дидактикалық негіздері беріледі. Әуелі мәдениетаралық қарым-қатынас құзіреттілігіне берілген ғылыми анықтамалар жүйеленіп, қорытындыланады, оның ерекешеліктері белгіленеді. Ол сабақ ұйымдастыруда, жаттығу-тапсырмалар құрастыруда маңызды орын алады. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject мәдениаралық құзіреттілік ru
dc.subject мәдениаралық қарым-қатынас ru
dc.subject көпмәдениетті әлем ru
dc.subject мәдени субкомпетенциялы ru
dc.subject субъектіаралық ru
dc.subject лингвомемлекеттану ru
dc.subject гуманитарлық потенциалды ru
dc.subject ассоциативті байланыс ru
dc.subject өзара әрекеттесім ru
dc.subject тілдік ситуация ru
dc.title Мақал-мәтелдердің студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзіреттіліктерін қалыптастырудағы орны ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account