dc.description.abstract |
Ғылыми мақалада, қазіргі ақпараттық қоғамдағы саяси жүйелер мен
бұқаралық ақпарат арасындағы өзекті байланыстар қарастырылған. Авторлар
зерттеу тақырыбының өзектілігін негіздеу мақсатында ғылыми сұрақтар қоя
отырып, теориялық еңбектер мен интернет желісіндегі түрлі сайттарға, ғылыми
зерттеу жұмыстарына талдау жасау арқылы жүзеге асырған. Ғылыми мақалада,
бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік ғылымдар саласындағы «саяси
мәдениет» түсінігіне теориялық және эмпириялық талдау жасалған. Адамдарда саяси
мәдениеттің қалыптасыуна ықпал ететін негізгі көздер ретінде, бұқаралық ақпарат
құралдарының қызметтері мен үкіметтің мемлекеттік қызметтерді халыққа
жеткізудегі цифрлік технологияларды қолдану практикасы сараланған. Саяси жүйені
басқарудың бір бағыты ретінде, мемлекеттік субъектілердің ақпарат таратудағы
қызметтері, соның ішінде электрондық үкіметтің дамуы және оның халықаралық
рейтингтегі орны көрсетіліп, қазақстандық саяси жүйенің қаншалықты дамып
отырғандығына талдау жасалған. Сонымен қатар, авторлар тарапынан қазақстандық
электронды үкіметтің отбасы, әлеуметтік қамсыздандыру, құқықтық көмек,
денсаулық сақтау, көші-қон, білім, транспорт, еңбекпен қамту сияқты салаларға
қатысты қызметтерді виртуалды жүзеге асыруға бағытталғандығын айқын көрсете
отырып, оның халық арасында саяси мәдениеттің жаңаша формасын қалыптастыруға
ықпал етіп отыруы мүмкін деген болжам жасалған.
Зерттеу әдістері ретінде, теориялық-әдіснамалық талдау, статистикалық талдау,
мәліметтерді екіншіреттік талдау. Мақаланың негізгі мәліметтері БАҚ, цифрлік
технологиялар, электрондық үкімет және БҰҰ-ның зерттеу жұмыстары. Мақала
қорытындысында, БАҚ мен саясаттың байланысы кешенді қарастырыла отырып,
қазақстандық тәжірбиедегі электронды Үкіметтің рөлі сипатталған. |
ru |