DSpace Repository

Саяси репрессия қарсаңы, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Моңғолияның аймақтық саясаты

Show simple item record

dc.contributor.author Омаш, С.Б.
dc.contributor.author Қобландин, Қ.И.
dc.date.accessioned 2023-11-14T11:22:11Z
dc.date.available 2023-11-14T11:22:11Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-6887
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/9353
dc.description.abstract Саяси репрессия қарсаңындағы Моңғолияның сыртқы аймақтық жағдайын сипаттау үшін ХХ ғасырдың басынан бастап уақыт аралығын қамту қажет, себебі бұл жылдардағы оқиғалар Моңғолияның жаңа тарихындағы ең маңызды бетбұрыстардың бірі болды және оның жаңа даму кезеңінің басталуын белгіледі. Моңғолия мемлекеті өз дамуында мемлекеттік егемендікке қол жеткізді, елдің әлеуметтік құрылымы, мәдени-экономикалық келбеті өзгерді, жаңа әкімшілік-саяси институттар пайда болды. Осыған байланысты ХХ ғасырдың 20-жылдардағы моңғол революциясынан бері бір ғасырға жуық уақыт өткенмен бұл оқиғаларды жан-жақты тарихнамаға негізделген зерттеу жүргізудің ерекше маңызы бар. Соңғы уақытта Моңғолияда осы жылдарда болған жекелеген оқиғалар туралы да, революция кезеңінен басталған Моңғолияның даму сипаты, басқа шетел мемлекеттерімен, әсіресе көршілес Ресей және Қытай державаларымен қарымқатынасы және олардың ел тарихындағы маңызды рөлі туралы айтарлықтай еңбектер жарық көрді. Осылайша, қазіргі уақытта моңғол саяси қатынастарын осы кезеңдегі дамуын арнайы тарихнамалық зерттеу қажеттілігі туындады. Мұндай зерттеу тақырыбының өзектілігі әр жылдары ресейлік, моңғол және батыс авторларының еңбектеріндегі біз сипаттайтын оқиғаларға қатысты әртүрлі қарама-қайшы бағалаулардың негізділігі мен объективтілігін салыстыру және талдау қажеттілігінен туындап отыр. Жоғарыда айтылған мәселелер жұмыстың алдында тұрған зерттеу міндеттері мен мақсаттарын анықтауға мүмкіндік береді. Тақырыптың маңыздылығы мен мазмұндылығы ресейлік және шетелдік тарихшылардың еңбектеріне сүйене отырып, Сыртқы Моңғолияда болған негізгі оқиғаларды зерделеуден тұрады және сол кездегі елде болған қайта құруларды сипаттап, олардың саяси нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді. Осындай нақты тарихи жағдайға қатысты әдебиеттерді пайдалану арқасында біз Моңғолияда 1921-1924 жылдарда болған түрлі оқиғалардың сипаты мен нәтижелеріне қатысты әртүрлі бағалаулар мен ұстанымдарды салыстыруға, олардың айырмашылықтары мен ұқсастық пайымдауларының тереңдігін анықтаумен қатар олардың себептерін көрсетуге тырысамыз. Айта кетерлігі, Қазақстан тарихнамасында көршілес Моңғолия елінің соңғы 100 жылдық саяси тарихы мен тыныс-тіршілігі әлі де толық зерттелмеген. Көбінесе бұл тақырып Моңғолиядағы қазақ диаспорасымен байланысты қарастырылатынын атап өткен жөн. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject аймақтық саясат ru
dc.subject Моңғолияның сыртқы саясаты ru
dc.subject Ресей ru
dc.subject Қытай ru
dc.subject АҚШ ru
dc.subject Д. Бодо ru
dc.subject Б. Шумяцкий ru
dc.title Саяси репрессия қарсаңы, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Моңғолияның аймақтық саясаты ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account