dc.description.abstract |
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бастапқы кезеңдеріндегі азаттықағартушылық қозғалыстар түркі халықтарының саяси, қоғамдық-әлеуметтік ойсаналарының артуына түрткі болды. Сол кезеңнің ақын-жазушылары үлкен
құлшыныспен жаңашыл идеяларды жаюға тырысты. Соның негізінде әдебиеттердің
тақырыптық мазмұны кеңейіп, көркемдік деңгейлері өсті. Түркі халықтары
әдебиетінде бұған дейін жазылып келген романтикалық шығармалардың орнын
шынайы өмірмен, тұрмыс-тіршілікпен, қоршаған ортамен байланысты реалистік
бағыттағы туындылар басты.
Түрік қоғамының рухани өмірінің оянуына үлкен әсер қалдырған Танзимат
кезеңінің түрік әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. Танзимат кезеңі ақынжазушыларының барлығы дерлік батысшыл, жаңашыл, білім мен ғылымды жақтаушы
зиялы қауым өкілдерінен құралған болатын. Осы кезеңнің ең танымал өкілдерінің
бірі Н. Кемал ақын, жазушы, журналист, драматург, сыншы, яғни жан-жақты «сегіз
қырлы бір сырлы» болды. Н. Кемал өз еңбектерінде қоғамдық, саяси, әлеуметтік
тақырыптарды кеңінен қарастырып, Танзимат кезеңінің басқа да өкілдері сияқты
елін артта қалушылықтан, сауатсыздықтан, надандықтан құтқаруға тырысты.
Сондықтан да өз шығармаларында түрік халқының рухани құндылықтарына мән
беріп, дін мен өркениетті қайнастырып бітістіруге тырысты.
Аталған мақалада Танзимат әдебиетінің танымал өкілі Намык Кемал
шығармаларында кеңінен қарастырылған «Отан, ұлт, бостандық, теңдік, білім»
ұғымдары пайымдалады. |
ru |