dc.description.abstract |
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының криптографиялық стандарттарының
халықаралық және мемлекетаралық стандарттармен үйлесімділігі қарастырылады. Ұлттық стандарттарды жетілдіру елдің ақпараттық қауіпсіздігін нығайтуға және халықаралық
деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Қазақстанда қолданыстағы
криптографиялық стандарттар көбінесе ГОСТ, ДСТУ, ISO және NIST сияқты шетелдік
стандарттарға негізделген. Мемлекетаралық стандарттар, мысалы, ГОСТ пен ДСТУ, ТМД
елдері арасында деректер алмасудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Сонымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйымдар әзірлеген AES, RSA, ECC, SHA-2 және SHA3 сияқты криптографиялық алгоритмдерді кеңінен қолданады. Елдің ақпараттық қауіпсіздігін
нығайту үшін дербес ұлттық стандарттардың болуы маңызды, ал олардың сақталуын тиісті
ұлттық органдар қадағалайды. |
ru |