Аннотации:
Мақалада көші-қон ағындарының Астана қаласының экономикалық қауіпсіздігіне
ықпалы талданған: халық санының артуы мен құрылымдық өзгерістердің қала дамуына
тигізетін оң және теріс жақтары көрсетіледі. Еңбек нарығындағы кадр тапшылығын
толтыру, экономикалық белсенділікті арттыру сияқты оң әсерлерімен қатар, әлеуметтік
және инфрақұрылымдық жүйелерге жүктеме артатындығы анықталды. Мақалада өңірлік
диспропорцияларды төмендетудің және қала инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығы
көрсетілген.