Abstract:
Ғылыми мақалада Қазақстандағы цифрландыру жағдайындағы мемлекеттікжекешелік әріптестіктің (МЖӘ) дамуы үдерісі. Экономикалық трансформация шеңберінде МЖӘ экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды қайта жаңғырту және мемлекеттік
тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін маңызды құралға айналады.
Мемлекет пен жеке сектордың тиімді ынтымақтастығының негізі болып саналатын, сондайақ институционалдық жетілудің жеткіліксіздігімен байланыстә мәселелерді шешетін,
тәуекелдерді, сыбайлас жемқорлық қатерлерін және саяси ахуалдың белгісіздігін қоса
алғанда, негізгі проблемалар қарастырылады. МЖӘ жобаларын табысты іске асыру үшін
инвестицияларды, инновациялық технологияларды және отандық тәжірибені жетілдіріп,
сонымен қоса шетелдік тәжірибені қоса қолдануға ерекше назар аударылады.