| dc.description.abstract |
Мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткер тұлғаларды сертификаттау
бұл болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін және заңнамада белгіленген талаптарға
сәйкестігін бағалау процесі болып табылады. Сертификаттау мемлекеттік аудит пен
қаржылық бақылау саласында заңдылықты сақтаудағы, бюджет қаражатын мақсатты және
дұрыс пайдаланудағы рөлін арттыруды анықтайды. Себебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес пен мемлекеттік қаржы органдарының ашықтығын арттыру жағдайында
сертификатталған аудиторлар мемлекеттік басқарудың ауқымын анықтауда, тәуекелдердің
алдын алу мен тиімділігін арттыруда шешуші рөл атқарады.
Жылдан жылға мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткер тұлғаларды
сертификаттау нәтижесінде білікті мамандар саны көбейіп, жоғары кәсіби стандарттар
белгіленіп, елімізде аудиторлық қызметті жетілдіру бойынша жағдайлар жасалып жатыр.
Мемлекеттік бақылау жүйесіне деген сенімін арттыру үшін жас мамандарды даярлау мен
олардың білімін растау өте маңызды. |
ru |