Аннотации:
Мемлекеттік қаржы бақылау жүйесінің тиімділігі бюджеттік басқару,
салықтық реттеу және қаржылық тәртіптің сақталуына тікелей әсер етеді. Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі бюджеттік жоспарлау, қазынашылық қызмет,
мемлекеттік сатып алулар және қаржылық тәртіпті нығайту бойынша кешенді шараларды
жүзеге асырады. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті республикалық және жергілікті бюджет
қаражатының тиімді жұмсалуын бақылап, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын
қадағалайды. Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану және қаржылық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бақылау тетіктері жетілдіріліп, өзге мемлекеттік органдармен
ынтымақтастық нығайтылуда.