| dc.description.abstract |
Қазақстан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы
Қазақстан халқына Жолдауында ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуден ұлттық
жобалардың қарапайым және түсінікті форматына көшудің маңыздылығын атап өтті. Ол
басты назарды жұмыс процесіне емес, нәтижеге аудару керектігін баса айтты. Ұлттық жобалардың ең маңызды мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру, экономиканы,
әлеуметтік салалар мен өңірлерді дамыту. Елеулі күш-жігерге қарамастан, бірқатар ұлттық
жобаларды жүзеге асыруда проблемалар туындады. Мақалада ұлттық жобаларды
басқарудың негізгі қиындықтары, соның ішінде жеткіліксіз мониторинг, ведомствоаралық
үйлестірудің әлсіздігі, бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану қарастырылған. |
ru |