Аннотации:
Мемлекеттік аудит – бюджет қаражатын, мемлекеттік активтерді және басқа да
ресурстарды ұтымды пайдалану мен олардың заңдылығын қамтамасыз етудегі негізгі
құралдардың бірі. Алайда, қазіргі таңда аудит процесінде аудит жүргізу уақытының
ұзақтығы, қаржылық бұзушылықтарды уақтылы анықтаудың күрделілігі сияқты мәселелер
бар. Мемлекеттік аудит процесінде орын алатын осындай қиындықтардың бірқатарының алдын алу үшін жасанды интеллект және соның ішінде машиналық оқыту әдістерін
енгізудің өзектілігі күннен күнге артып келеді. Машиналық оқыту әдістері аудит
процестерін автоматтандыруға көмектеседі. Мақалада машиналық оқыту әдістерінің негізгі
түрлері мен оларды мемлекеттік аудитте қолдану мүмкіндіктері талданған. Сонымен қатар
халықаралық Жоғары аудит органдарының мемлекеттік аудит жүйесінде машиналық
оқытуды енгізу бойынша атқарған жұмыстары қарастырылған. Қазақстанда мемлекеттік
аудит жүйесін жетілдіру үшін осы тәжірибе ескеріліп, машиналық оқыту аудит процесіне
енгізілуі қажет.