| dc.description.abstract |
Мақалада қазіргі таңдағы географияның маңызды салаларының бірі, қала
халқының өсуі мен инфрақұрылымның дамуы негізінде үлкен рөл атқаратын урбанизация
саласының даму қарқындылығы мен өзектілігі баяндалады. Урбанистикадан шығатын өзекті
мәселелердің біріне айналған сала урбоэкожүйе болып табылады. тұрғындардың денсаулық
жағдайларына урбоэкожүйелік қызметтерді бағалауға және олардың қала тұрғындарының
өмір сүру орталарындағы байланысы мен маңыздылығына негізделген.
Сонымен қатар денсаулық сақтауға бағытталған урбоэкожүйелік қызметтердің әлемдік
тәжірибелерінің географиялық ерекшеліктері қарастырылады. Урбоэкожүйелік қызметтер –
қала экожүйелерінің адам денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған
экологиялық және әлеуметтік қызметтері. Зерттеу барысында әртүрлі елдердегі жасыл
инфрақұрылым, экологиялық таза қоғамдық көлік, урбанистикалық жоспарлау және ауа
сапасын бақылау бойынша жүзеге асырылған жобалар сарапталды.
Зерттеу барысында, Токио, Сингапур, Нью-Йорк сияқты ірі мегаполистердің тұрақты
дамуға бағытталған урбанистикалық шешімдері талданып, олардың Астана қаласындағы
экологиялық бастамалармен ұқсастықтары мен айырмашылықтары қарастырылады. Аталған
қалаларда жасыл инфрақұрылым, қалдықтарды қайта өңдеу, көлік жүйесін экологиялық
бейімдеу бойынша инновациялық тәсілдер кеңінен қолданылуда. |
ru |