Аннотации:
Бұл ғылыми жұмыста отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болған
әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған халықаралық тәжірибелер
қарастырылады. Зерттеу барысында БҰҰ, Туркия, Греция, Польша және басқа да
мемлекеттердің құқықтық тетіктері мен әлеуметтік қолдау бағдарламаларына шолу
жасалды. Отбасылық зорлық-зомбылықпен күресудегі негізгі құралдар ретінде
құқықтық реформалар, қауіпсіз баспаналар, психологиялық және әлеуметтік қолдау,
сондай-ақ қорғау ордерлерінің тиімділігі талданды. Сонымен қатар, гендерлік
теңдікке қол жеткізу және әйелдердің құқықтарын ілгерілету мақсатында жүзеге
асырылып жатқан халықаралық келісімдер мен конвенциялардың рөлі айқындалды.