Аннотации:
Цифрлық жаһандану және машиналық аударма технологияларын дамыту
жағдайында тілдің этномәдени ерекшеліктерін жеткізу мәселесі туындайды. Бұл
мақалада жасанды интеллект (ЖИ) жүйелері, атап айтқанда, нейрондық машиналық
аударма құралдары (Google Translate, Yandex Translate, ChatGPT және т.б.) қазақтың
ұлттық салт-дәстүрлерін түсіндіру, жеткізу деңгейі, сапасы қарастырылады. Мәдени әрі
тарихи мәнге ие тілдік бірліктер салғастырмалы негізде сарапталып, ЖИ құралдарының
аударма барысында лингвомәдени ерекшеліктерді өзге тілге жеткізу сапасы талданады.
Мақалада сондай-ақ аудармада туындайтын негізгі қиындықтар, оның ішінде түсініксіздік,
мақсатты тілдегі баламалардың болмауы т.б. тәрізді мәселелер қарастырылады. Машина
және арнайы маман аудармаларын салыстыра талдау негізінде қазақ тілінің этномәдени
бірегейлігін сақтауға бағытталған автоматты аударма сапасы анықталып, оны
жақсартудың ықтимал стратегиялары ұсынылады.