Аннотации:
Жаһандық экономиканың қарқынды дамуы және нарықтағы
бәсекелестіктің күшеюі жағдайында компанияның қаржылық әлеуетін бағалаудың өзектілігі
өте маңызды болып отыр. Компанияның қаржылық әлеуеті – бұл тұрақты дамуды, бәсекеге
қабілеттілікті және инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз етуге бағытталған оның
қаржылық ресурстарының, мүмкіндіктері мен стратегияларының жиынтығы. Жаһандық
дағдарыстармен, қаржы нарықтарының құбылмалылығымен және макроэкономикалық
көрсеткіштердің ауытқуымен байланысты қазіргі экономикалық белгісіздік жағдайында
компанияның қаржылық ресурстарын тиімді басқару қабілеті оның ұзақ мерзімді
тұрақтылығы мен өсу перспективаларын анықтайды.