Аннотации:
Бұл мақалада цифрлық технологиялардың Қазақстанның банк секторына
ықпалы қарастырылады. Цифрлық трансформация банктердің бизнес-процестерін түбегейлі
өзгертіп, қызмет көрсету сапасын жақсартуға, операциялық шығындарды азайтуға және
клиенттерге ыңғайлы өнімдер ұсынуға мүмкіндік беруде. Банктер үлкен деректерді,
жасанды интеллектті және блокчейнді енгізу арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда.
FinTech шешімдері қаржылық қызметтердің жылдамдығы мен қолжетімділігін арттырып,
клиенттердің жеке қажеттіліктеріне бейімделуге көмектеседі. Сонымен қатар,
киберқауіпсіздік пен деректерді қорғау мәселелері цифрлық банкингтің негізгі сынқатерлерінің бірі болып табылады. Зерттеу нәтижелері цифрлық шешімдердің банк
жүйесіне ұзақ мерзімді әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Қазақстандық банктер үшін
цифрландыру қаржылық тұрақтылықты арттыру мен клиенттерге бағытталған қызметтерді
дамытуда шешуші рөл атқарады.