Аннотации:
Бұл мақалада Қызылорда қаласының атмосфералық ауасының ластану
деңгейі мен оған әсер ететін негізгі факторлар қарастырылады. Зерттеу барысында соңғы жылдардағы бақылау деректері негізінде ауа құрамындағы басты ластаушы заттардың (шаң,
азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, формальдегид) мөлшері талданып, олардың
ШРК-дан бірнеше есе асқаны анықталды. Сонымен қатар, қалалық өнеркәсіптік нысандардың,
автокөлік қозғалысының қарқындылығының және табиғи-климаттық ерекшеліктердің ауа
сапасына тигізетін ықпалы сипатталды.