Аннотации:
Бұл зерттеу Қазақстандағы шөлейттену процесін бақылау және талдау үшін
жасанды интеллект пен қашықтықтан зондтау әдістерін қолдануды қарастырады. Зерттеудің
басты мақсаты – шөлейттенуге бейім аймақтарды анықтап, олардың өзгеру динамикасын
бағалау және болжау.
Жұмыс барысында Landsat (NASA) және Sentinel-2 (ESA) спутниктік суреттері
пайдаланылады, себебі олар ұзақ мерзімді және жоғары ажыратымдылықтағы мәліметтерді
ұсынады. Сонымен қатар, температура, жауын-шашын, жел жылдамдығы сияқты климаттық
деректер жинақталып, NDVI (Normalised Difference Vegetation Index) көрсеткіші негізінде
жердің өсімдік жамылғысының өзгерістері бақыланады.
Алынған деректер машиналық оқыту алгоритмдері арқылы өңделіп, шөлейттену
деңгейін бағалауға және болашақтағы өзгерістерді болжауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу
экологиялық мониторинг, табиғи ресурстарды басқару және ауыл шаруашылығын жоспарлау
үшін маңызды ғылыми негіз бола алады.