Аннотации:
Бұл мақалада жобалап оқыту технологиясы талқыланады, оның ішінде бұл
технологияның білім беру жүйесіндегі және білім алушылардың жеке тұлғасын дамытудағы
маңыздылығы қарастырылады. Жобалап оқыту — студенттің өз бетінше әрекет етуін, шешім
қабылдауын және жобаның орындалу логикасын анықтауға үйрететін тиімді әдіс. Оқыту
технологиясы білім алушының танымдық қабілеттерін дамытуға және білім сапасын
арттыруға ықпал етеді, сонымен қатар тақырыпты таңдау еркіндігін береді. Информатика
пәнін жобалап оқыту әдістемесі нақты кезеңдерге бөлінеді: жобалық тапсырманы анықтау, топ
құру, тапсырмалар дайындау, жобаны орындау, нәтижелерді талқылау және бағалау. Жобалап
оқыту технологиясының мақсаты — білім алушылардың теориялық білімді тәжірибеде
қолдануға және өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған оқу үдерісін
ұйымдастыру.