Аннотации:
Бұл мақалада заманауи қоймалық логистикада қолданылатын басқару
жүйелері мен робототехникалық шешімдерге талдау жүргізіледі. Amazon, Ocado және
Яндекс.Маркет компанияларының тәжірибесі негізінде сақтау, сұрыптау және жеткізу
процестеріндегі автоматтандырудың артықшылықтары сипатталады. Сондай-ақ, «Қызмет
ретінде робот» (RaaS) тұжырымдамасының шағын және орта бизнес үшін маңыздылығы
қарастырылады. Қазақстандағы роботтандырудың ағымдағы жай-күйі мен даму болашағы
сипатталады. Мақала кәсіби дереккөздер мен халықаралық ұйымдардың статистикалық
мәліметтері негізінде жазылған.