Аннотации:
Осы жұмыстың мақсаты – жасанды интеллект (ЖИ) және машиналық оқыту
негізінде жұмыс істейтін, пациенттердің жағдайын анықтап, диагноз қоятын жүйені
құру. Тыныс алу қиындауы (ентігу) мен жөтел – жедел жәрдем бөлімшелерінде ең көп
таралған, шұғыл және өлімге әкелетін симптомдардың бірі. Жөтел көптеген тыныс алу
жолдары аурулары кезінде маңызды ақпаратты қамтиды және жиырмадан астам
аурудың белгісі ретінде көрініс табады. Жөтелдің жасырын, бірақ айқын ерекшеліктерін
қолдана отырып, оны алдын ала диагностикалау үшін күрделі және интеллектуалды
ЖИ алгоритмдері арқылы акустикалық деректер негізінде анықтауға болады[3].
Ентігуге шалдыққан ересектердің шамамен жартысы жедел жүрек
жеткіліксіздігіне (ЖЖЖ), созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОӨА) асқынуына
немесе пневмонияға ұшырайды. Бұл жағдайлар көбінесе дұрыс диагноз қойылмауына
байланысты жедел жәрдем бөлімінде тиісті ем қабылдамайды. Біз жасанды
интеллект (ЖИ) негізінде өңір бойынша толық деректерді пайдалана отырып,
диагностикалық шешім қабылдауды қолдайтын, түсіндірілетін және жекелендірілген
жүйені әзірлеуге бағытталғанбыз[1].