Аннотации:
Бұл мақалада Man-in-the-Middle (MITM) шабуылының негізгі түрлері, орындалу
механизмдері және олардың қауіпсіздікке тигізетін ықпалы қарастырылған. MITM шабуылы
желідегі деректер алмасуға араласу арқылы ақпаратты ұрлау немесе өзгертуге мүмкіндік
береді. MITM шабуылын жүзеге асыру үшін ARP-spoofing, DNS-spoofing, SSL-stripping сияқты
әдістер кеңінен қолданылады. Бұл зерттеу аясында Kali Linux жүйесінде Bettercap құралы
арқылы ARP-spoofing шабуылының орындалу тәсілдері зерттеліп, трафикті ұстап алу және
өзгерту процестері көрсетілген. Сонымен қатар, MITM шабуылынан қорғану жолдары,
HTTPS, VPN, ARP-қорғаныс механизмдері және жүйелік қауіпсіздік шаралары талданды. Бұл
зерттеу MITM шабуылдарының механизмдерін тереңірек зерттеу негінде желілік
қауіпсіздікті күшейту бағыттары анықталған.