Аннотации:
Бұл мақалада WebSocket протоколының осалдықтарын зерттеу және талдау
әдістері қарастырылады. Нақты шабуыл мысалдары негізінде WebSocket байланыстарының
қауіпсіздік мәселелері талданып, олардың ақпараттық жүйелерге ықтимал әсері бағаланады.
Сондай-ақ осалдықтарды пайдаланудың негізгі әдістері мен оларды анықтау жолдары
көрсетіледі. WebSocket байланыстарын қорғау және шабуылдардың алдын алу бойынша
ұсыныстар беріледі. Мақала ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарға, зерттеушілерге
және веб-қосымшалар әзірлеушілеріне арналған.