Аннотации:
Мақалада DDoS (Distributed Denial of Service) шабуылдарының қазіргі
жағдайы, олардың дамуы және заманауи қорғаныс әдістері қарастырылады. DDoS
шабуылдарының негізгі түрлері, ықтимал нысандары және олардың жұмыс істеу принциптері талқыланады. Сонымен қатар, жасанды интеллектің (AI) шабуылдарды күшейтудегі және
оларға қарсы тұрудағы рөліне баса назар аударылады. Зерттеуде желілік деңгейде қорғану,
бұлттық қорғау жүйелері және AI негізіндегі қорғаныс секілді стратегиялар талданады. Мақала
киберқауіпсіздік саласындағы жаңа қауіптерге қарсы тиімді қорғаныс шараларын жетілдіруге
бағытталған.