Abstract:
Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау- аудиторлардың жұмысының сапалы, заңнама мен стандарттарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады. Мақалада аудиторлық қызметтің сапасын сыртқы бақылаудың сипаты, Қазақстан Республикасындағы оның тәжірибесі сипатталған. Атап айтқанда, Кәсіби аудиторлық ұйым жүргізген сыртқы сапа бақылауының жұмыстары қарастырылып, олардың нәтижелеріне талдау жасалды. Сыртқы бақылаудың тиімді жүйесін құру аудит сапасын, осы жүйелердің ашықтығын, ақпараттылығы мен сенімділігін арттыруға, ақпараттың дұрыс еместігі туралы тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде аудиторлық қызметтер нарығы мен аудиторлық қызмет субъектілерінің неғұрлым орнықты дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сапаны сыртқы бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін жүргізілетін аудит пен аудитке ілеспе қызметтердің проблемалары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін егжей-тегжейлі рәсімдер қажет ұсынылған.