Abstract:
Бұл мақала 21 ғасырдағы дамушы елдердің тәлім-тәрбие саласында тап
болып отырған қоршаған орта тәрбиесi, «жер шары біздің ортақ отауымыз» екендiгiн дәріптеу
туралы тәлiм-тәрбиенi, дәстүрлi моралдық тәлiм-тәрбие негiзiнде адам мен адамның, адам мен
қоғамның байланысын реттеп отыратын жаңа моралдық тәлiм-тәрбиенiң және адамгершiлiк
тәлiм-тәрбиесi ғылым-техниканы адамзат баласының қолбаласына айналдыру үрдісімен
тығыз ұштастырылуы керек екендігін теориялық негізде сарапқа салып, осы негізде еліміздің
оқу-ағарту беталысын айқындау қажет екендігін ескертеді.