Аннотации:
Орталық Азияда өз басымдығын әйгілей алған Көне түрік
мемлекеті дамып, қүдіреттеніп, өзінің шығысы мен батысындағы ірі елдермен
иық тіресе алатын, тіпті, оларға қатер төндіретін, қажеті келгенде қорғаныш та
болатын дәрежеге жетті. Бүгінге жеткен көптеген ескерткіштердің ішінен
айырықша орын алған − Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері.
Күлтегін ескерткішіндегі қытайша жазба түрікше мәтінмен қоса мәңгітастың
келесі бетіне қашап жазылған. Дегенмен, қытай тіліндегі жазба ескерткіштегі
түрікше жазбаны қайталамайды, яғни, олардың аудармасы емес. Сондықтан
ондағы мазмұндар түрікшесіндегі мазмұндарды одан ары толықтырып қана
қоймай, олардың деректік құндылығын арттыра түседі.