Аннотации:
Негізі түркі тегінен болған дала көшпелілері әртүрлімемлекет
жүйелердің саяси, тарихи және мәдени өсуінде маңызды рөл атқарды.
Мәдениеттің дамуын оның жазу жүйесі арқылы жақсы көрсетуге болады. Дала
көшпенділерінің ұрпақтары бұл мәдени құбылысты қаншалықты қабылдап,
оның алға жылжуына үлес қосқанын бағалау мақсатында сараптама жүргізілді.Демек, түркі халықтары арасында жазба мәдениеттің өркендеуі, оның әр алуан
кезеңдері, географиялық таралуы, іс жүзінде қолданылуының маңызы зор. Біз өз
зерттеуімізде түркі жазу мәдениетінің әртүрлі даму кезеңдеріне тоқталдық.
Жазба үлгілерінің шығу тарихы мен мақсатын қысқаша баяндап, түрлі жазба
жәдігерлер арқылы нақты мысалдармен суреттедік. Жазу үлгілерін талдап, жазу
тарихына, оның қаһарына, жазу жүйесінің тілдегі рөліне өз көзқарастарын
білдірген зерттеушілердің еңбектеріне баса назар аудардық. Сондықтан біз
түркілер қолданатын жазу жүйелерін хронологиялық ретпен реттеп, осы жазу
жүйелерінің арасындағы мәдениетаралық бірлестіктерді ашуға тырыстық.