Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Просмотр элемента 
  •   Главная
  • Материалы конференций, семинаров
  • 2023
  • Түркі руна ескерткіштерін зерттеу мәселелері
  • Ежелгі түркілердің әдеби дәстүрлерінің сабақтастығы
  • Просмотр элемента
  •   Главная
  • Материалы конференций, семинаров
  • 2023
  • Түркі руна ескерткіштерін зерттеу мәселелері
  • Ежелгі түркілердің әдеби дәстүрлерінің сабақтастығы
  • Просмотр элемента
JavaScript is disabled for your browser. Some features of this site may not work without it.

ӨТҮКЕННІҢ МИФТІК-ПОЭТИКАЛЫҚ БЕЙНЕСІ

Thumbnail
Автор
Шәріп, А.Ж.
Дата
2023-05-25
Редактор
Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
ISBN
978-601-337-878-7
Аннотации
Дәстүрлі түркі дүниетанымында Өтүкен жерұйық болып саналады. Ол тек топонимикалық зерттеу нысаны болып қана қоймай, өз бойына терең рухани мән дарытқан. Орхон тасбітіктерінің, сондай-ақ басқа да жазба ескерткіштердің мәтіндеріне сүйене отырып мынадай қорытындылар жасауға болады: біріншіден, Өтүкенде тіршілік кешу мемлекетті басқаруда тұрақтылыққа, халықтың бірлігі мен бақуаттылығына, көрші елмен қарымқатынастың оңтайлығына кепілдік берген (Тәңірдің жарылқауы); екіншіден, Өтүкеннен табан аудару елді бостандық пен бодандыққа, қасірет пен қайғыға душар еткен (Тәңірдің жазалауы). Мұндай утопиялық таным-түсініктер қоғамның өтпелі дағдарыс кезеңдерінде туады. Ата қонысын тастап шыққан адамдар көзден ғайып болған жерді идеалдандыруға және мифтендіруге көше бастайды.. Ежелгі жазбаларда кездесетін «Өтүкен елінің құты» (il Otukan quti) тіркесі «ұрпақ таратушы күш» мағынасына да ие. Əр рудың өкілі өзін дүниеге келтірген «құрсаққа» балайтын «меншікті» тауына сыйынған. Моңғол жазба ескерткіштерінде Ötüken сөзі etügen~ötügen пішінінде ұшырасып, «құдіретті жерді», «жер-иені» білдіреді. Моңғолдың etügen еке дегені анаға теңелетін отанды меңзейді. Ендеше, түркілер мен моңғолдардың мифтік-поэтикалық дәстүрінде Өтүкен мынадай кейіпте танылады: 1. Мәдени ойкумена (қоныс) – халықтың өміріне қолайлы және қауіпсіз орын; 2. Мәйекті мекенді әлемнің кіндігі ретінде қабылдататын ұғым (құт); 3. Табынатын және кие тұтатын айырықша күш (құдірет). Өтүкен бейнесі Жер-Ана архетипімен ұштасады және оның ел санасындағы идеялық эволюциясы мен трансформациясын «қоныс – құт – құдірет» мифтік-поэтикалық формуласы арқылы қарастыруға болады.
URI
http://rep.enu.kz/handle/enu/10456
Открыть
Merged-20231109-141441.pdf (605.4Kb)
Collections
  • Ежелгі түркілердің әдеби дәстүрлерінің сабақтастығы[4]
Показать полную информацию
CORE Recommender

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
Яндекс.Метрика
Научная библиотека | Контакты
 

Просмотр

Весь DSpaceСообщества и коллекцииДата публикацииАвторыНазванияТематикаЭта коллекцияДата публикацииАвторыНазванияТематика

Моя учетная запись

ВойтиРегистрация

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
Яндекс.Метрика
Научная библиотека | Контакты