dc.description.abstract |
Сан ғасырлар бойы көшпелі және жартылай көшпелі өмір
салтын ұстанып, бір ғана мәдениеттің − көшпелілер мәдениетінің тұғырын
бірлесе қалаған түркі халықтарының дүниетанымы, этномәдени болмысы
тарихи-әлеуметтік үдерістерге байланысты белгілі бір дәрежеде өзгерістерге
ұшырағаны белгілі. Мұндай өзгерістер этнос тілінен көрініс тауып отырады, тегі
бір қазақ және түрік тілдері де жалпытүркілік табиғатын сақтай отырып, өзіндік
ерекшеліктерімен қалыптасты. Қыпшақ тобындағы қазақ тілі мен оғыз
тобындағы түрік тілінің лексикалық құрамын салыстырмалы тұрғыдан саралау
жалпытүркілік лексиканың қыпшақтық, оғыздық белгілерінің қалыптасу
ерекшеліктерін анықтауға ықпал етеді.
Қазақ және түрік тілдеріндегі сөздік қордың ауқымды бөлігін құрайтын
зоонимиялық лексика әлі толық зерттелмеген сала болып табылады. Мақалада
қазақ және түрік тілдеріндегі жылқыға қатысты зоонимдік лексика
салыстырмалы түрде қарастырылып, ортақтықтар мен ерекшеліктеранықталады. |
ru |