Abstract:
Мақалада Python RPA бағдарламалық роботтарды қолдану арқылы жұмыс
үдерістерін автоматтандыру мәселелері қарастырылады. Осы арқылы қолданушының күнделікті
қайталанатын бірсарынды іс–әрекеттері арқылы, қолданушының уақытын үнемдеп, мұғалімдерге
басқа да шығармашылық, оқушылармен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру сияқты одан да
күрделі және маңызды істермен айналысу мүмкіндіктері талданады. Сонымен қатар, мақалада
Python RPA технологиясның мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы ақпараттар беріледі.