Аннотации:
Сублеталды дозадағы гамма-сәуленiң кейiнгi мерзiмi әсерiнде туындайтын
иммунокомпетенттi ағзалар мен жасушалардағы антиоксиданттық жүйесiндегi өзгерiстердi
зерттеу жұмыстың негiзгi мақсаты болды. Зерттеу жұмысы 4 топқа бөлiнген 40
егеуқұйрықтарға жасалды: I топ - интактiлi, II топ – сәулеленуден 7 күн өткен соң зерттеу,
III топ – сәулеленуден 30 күн өткен соң зерттеу және IV топ – сәулеленуден 90 күн өткен соң
зерттеу. Жоғары дозалы γ -сәуле әсерiнiң 7-i және 30-ы күндерiнде жануарлардың зерттеуге
алынған ағзаларында антиоксидантты ферменттерi белсендiлiгi күрт төмендегенi тiркелсе, ал,
90-ы күнiнде, яғни, сәуле әсерiнiң кейiнгi мерзiмiнде әсiресе каталаза ферментi белсендiлiгiнiң
тежелуi сақталғаны анықталды.