Abstract:
Мақалада Жапонияда қылмыстық ұйым ретінде танылған Якузаның пайда болуы мен
даму тарихы, Якуза құрылымы, Иерархия және оның ішіндегі рөлдері туралы, Якуза мүшесі
болу (Иредзуми), Якуза мүшелері арасындағы қатынастар, сосын Якузаның жапон
қоғамына әсері, бизнес пен экономиканы бақылау, саясатқа әсері, мәдениет пен қоғамға
әсері қарастырылады. Одан кейін Якузаның мәселелері, үкімет тарапынан қылмысқа қарсы
күрес, басқа мафиялық ұйымдардан бәсекелестіктің өсуі, ішкі қақтығыстар мен сатқындық
мәселелері анықталады. Соңғы жағында Якузаға әлемдік көзқарас, яғни Якузаның
Жапониядан тыс жерлерде таралуы, сонымен қатар Якузаның кино мен әдебиеттегі рөлі,
қоғамдық пікірлер талданып, Якузаның қылмыстық ұйым ретіндегі тұжырымдары мен
жалпы көзқарастар және Якузаға қатысты туындаған мәселелерді шешудің мүмкін жолдары
көрсетіледі.