Abstract:
Аймақтық экономиканы қолдау мемлекеттің дамуы үшін ең бір қажетті тетіктердің бірі
болып табылады. Осы тарапта мемлекет тарапынан аймақтық экономиканы қолдау үшін
арнайы ұйымдастырылған бағдарламалар аз емес. Бұл бағдарламалар негізінен субсидиялық
нақышта жұмыс жасайды. Мысал келтіретін болсақ : "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті
қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»; Қазақстан Республикасының
агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. "Қарапайым заттардың экономикасы" бағдарламасы (басым жобаларды
несиелендіру механизмі). Almaty Business " аймақтық бағдарламасы»; т.б. жатады. Дәл осы
бағдармалар аймақтық экономиканы қолдауға және дамытуға қатысты басты әсер етуші
факторлар десек болады. Алайда мемлекеттік жоспарлы бағдарламаның бекітілуі , аймақтық
экономиканың дамуына толықтай кепілдік береді деп айта алмаймыз, себебі жекелеген
аймақтық проблематикалармен негативті факторлардың болуы мүмкін. Төменде аймақтық
бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар шолу және бағдарламалар жүру
процессімен бірге нәтижелері көрсетілген.