Abstract:
Мақалада 1910-шы жылдардағы қазақ қоғамы, күнделікті өмірдегі процесстер
қарастырылады. Сол кезеңде қоғамдағы жағдайды әлеуметтанулық интерпретациялау үшін
Ирвинг Гофманның фреймді талдау теориясы қолданылады. Дәстүрлі қазақ әлеуметіндегі фреймдерді зерттеу М. Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» шығармасы негізінде жүзеге
асырылады. Романдағы ауыл тұрғындарының күнделікті өмірін фреймдеу арқылы қазақ
қоғамына тән болған қалыпты қалыптарды саралауға талпыныс жасалады.