Аннотации:
Мақалада елімізде Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудің
маңызды міндетті екендігі айтылған. Мемлекеттің Конституция нормаларының жоғары
заңдық күші мен тікелей қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерін тиісінше
орындауы қажеттілігі конституциялық бақылау институтының пайда болуының басты
алғышарты болып табылады. Конституциялық бақылау мемлекет қызметінің дербес саласы
бола отырып, негізінен қоғамның негізгі Заңда бекітілген саяси -құқықтық, әлеуметтік - экономикалық және моральдық - адамгершілік құндылықтарын қорғауға қызмет етеді.
Конституция үстемдігі баршаға қадір-қасиетті, еркіндік пен әділдікті заңнамалық және
практикалық қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс.