Abstract:
Мақалада сот процестеріндегі сот-химиялық сараптаманың
талдауы мен маңыздылығы көрсетілген. Химиялық сараптамаларды жүргізу
әдістері мен қағидаттары, сондай-ақ олардың сот шешімдеріне әсері қаралады.
Қылмыстық әрекеттерде пайдаланылған есірткі заттар, улы заттардың, белгісіз
заттардың іздерін анықтауда, сондай-ақ өрт пен жарылыстың мән-жайларын
анықтауда сот-химиялық сараптаманың рөліне ерекше назар аударылды.