Abstract:
Жаһандық экологиялық мәселелерге байланысты оқушылардың қоршаған
ортаға жанашырлық көзқарасын қалыптастыру білім беру мекемелерінде мақсатты үрдіске
айналуы керек, себебі қоршаған ортаны қорғау бойынша оқушылардың қоғамдық-пайдалы іс
әрекеттерін ұйымдастыру көп жағдайда мұғалімдерге байланысты. Бұл мақалада «адам-қоғамтабиғат» жүйесіндегі тұрақты қарым-қатынастың маңыздылығын тереңірек түсіндіріп,
оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру мақсатында физика сабақтарында
экологиямен интеграцияланған, функционалды сауаттылықты арттыруға бағытталған
тапсырмалардың, жобалардың және зерттеулердің мысалдары келтірілген.