Аннотации:
Бүгінгі күні білім беруде пән аралық байланыс ерекше орын алатынын ескере
отырып, біз бұл мақалада физика мен биологияның байланысын зерттеу, екі пәннің түйісуінен
туындайтын құбылыстарды талдау және олардың арасындағы байланыстарды ашу арқылы
пәнаралық байланыстың маңызын түсіндіру, оны жүзеге асырудағы бірнеше қалыптастырушы
тапсырмаларды көрсетіп отырмыз. Пәнаралық байланыстың өзі физика мен биологияның
ортақ фактілері мен түсініктеріне негізделеді. Біз зерттей отырып, бұл пәндердің бір
жаратылыстану бағытына жатқызылуының өзіндік сыры барын ескердік. Демек ортақ
ұғымдар мен терминдерді, ортақ идеяларды табу мүмкіндігі жоғары. Пәнаралық байланыстың
негізгі идеясы да осында жатыр.