Abstract:
Бұл мақалада Түркістан облысындағы мәдени – танымдық туризмді
дамытудың маңызды тұстары баяндалып, инвестициялық тартымдылықты арттырудың
маңызы жазылған. Аталған аймақта туристтердің тамашалайтын маңызды орындары
жайында ақпарат беріліп, сырттан келген қонақтарды таң қалдырудың жолдары айтылады.
Сапарды сәтті ұйымдастырудың маңыздылығы дәріптеліп, оны ұйымдастырудың жолдары
көрсетілген. Туризмді дамытуға қаржылық қолдаудың қаншалықты қажет шара екені баса
айтылып, бюджет есебінен туризмді дамытуға бөлінген қаражаттың көлемі де мақалада
тілге тиек етіледі. Алдағы жылдарға арналған жоспарлар жайында ақпарат айтылып,
аймаққа қарастырылатын ақша мәселесі қозғалған. Туризмнің ел экономикасын ілгерілетуі
барысында маңызы дәріптеліп, оны дамытуға инвесторларды тартудың артықшылықтары
сөз етілген.