Abstract:
Бұл мақалада цифрлық теңгенің ел экономиканың дамуына тигізетін әсері,
цифрлық теңгенің беретін мүмкіндіктері, цифрлық теңгені еңгізудегі түрлі мемлекеттердің
көздеген мақсаттары және тәжірибелері қарастырылған. Сонымен қатар, цифрлық теңге не үшін қажет, оның артықшылығы неде және оны
қазақстандықтардың өміріне енгізумен қандай өзгерістер болады деген мәселелер де
қарастырылған.
Соңғы төрт жылда орталық банктердің цифрлық валюталарына деген қызығушылық
айтарлықтай өсті. Егер 2020 жылы тек 37 ел цифрлық валюталарды құру және енгізу
мәселелерін зерделесе, бүгінде мұндай мүмкіндікті әлемнің 130 елі қарастыруда. Сол
себепті, Қазақстан Республикасына цифрлық теңгені еңгізу, қазіргі таңда өзекті
тақырыптың бірі болып табылады.