Abstract:
Жаһандық экономикадағы қарқынды өзгерістер мен ақпараттық технологиялардың цифрлық трансформацияға ықпалын ескере отырып, мақала шетелдік IT-компаниялардың
қазақстандық индустрияға интеграциялануына ғылыми көзқарас ұсынады. Әлемдік интеграция
және әлемдік нарықтардың тығыз әрекеттесуі қазақстандық компанияларға шетелдік инвестициялар мен инновацияларды тартуға бірегей мүмкіндіктер туғызады, бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Тақырыптың өзектілігі мемлекет тарапынан жоғары көңіл
бөлуде де атап өтіледі, мұны президенттің отандық IT-секторды қолдау және шетелдік
компанияларға көмек көрсету туралы мәлімдемелерінен көруге болады. Мақалада шетелдік
инновацияларды жергілікті жағдайларға бейімдеу тетіктері зерттеліп, бұл процестің қазақстандық
компаниялардың бәсекеге қабілеттілігіне әсері жайлы көрсетіледі.